Әбу ата!



Бүгін ертесімен, таңертеңгілік шәйін ішкен Шәкең Тілеубай ағасының үйінде түнеген. Ертеңгілік шәйге, совхоздың сол кездегі жұмысшылар комитеті төрағасы Қонысбеков Құсман аға келді. Ол кісі, футбол ойынына жанкүйер де және ұйымдастырушы еді, совхоз жігіттері мен темір жол жігіттерін, ойнатып көрші ауылда Қарақойтас, Жарма станциялары жігіттерімен кездесулер өткізуге ұйытқы болушы.

—  Ассалаумағалейкум Шәмші аға, жақсы ұйықтап, жақсы дем алдыңыз- ба?! — кешеайтқан соң ауыл ақсақалдарына сәлем берейін деп едіңіз, қазір сол асықпай барып ауылдың сыйлы ақсақалы, Шәкіжан Әулиенің кенже баласы Әбу атаның үйіне барайық, басқа ақсақалдар да, сол үйге келетін болды, Сіләмшайық ағаның бабындағы қымызын ішеміз- деді.

Директордың орынбасары Тойшыбеков Тілеубай аға, москвичімен сол үйге жеткізіп салды, ол кісі де соғысқа қатысқан, сұңғақ бойлы қара торы, мұрынды, ағы аздау қара шашын артқа қайырған, маңғазды, салмақты мінезімен архардың құлжасындай көрінуші еді...

Латіф ағаның жаңа біткен, үйінің алдында ұзын орындыққа көрпе төсеп, Досымов Тұрсынхан ата, Зарыхан ата, мектеп директоры Ақажанов Тәуірбек, Қажығали аға мұғалім, Сіламшайық ағалар жиналып қапты.

—  Ассалаумағалейкум!- деп Құсман аға Әбу атадан бастап, бәріне сәлем беріп,

амандық сәлеммнен кейін,

-Ақсақалдар, ағалар, осы кісі алыстан келе жатқан, біздер әндерін құлай тыңдап, сүйіп айтатын, қазақтың бір туар ұлы Шәмші ағамыз Қалдаяқов- деді де, сіздерге сәлем берейін- деп Шәкеңе бұрылды...

Қатты мақтады-ау дегендей, Шәкең де қипақтап тұрғандай.... соны сезгендей

—жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын — деп Тәуірбек аға Құсман інісін қоштап қойды.

—  Ал, қолдарыңды жайыңдар, қонақ бата берсін- деп Әбу ата қойды әкеліңдер

дегендей ишара білдірді. Ләтіф аға әкелген еркек тоқтыға бата жасалып, бет сипасып, үйге кірді.

Кең де салқын үйдің төргі бөлмесіне текемет үстіне құрақ көрпелер төселіп, ұзын жер үстелге дастарханға өрік-мейіз, бауырсақ-шелпектен молынан салынған, саба болмаса да, шыны тегенеден керден кеселерге, бетінде қара күмістей майда майлары қалқыған қымыз құйыла бастады.

-Апырай, мақтап жүреді екем, ассалаумағалайкумдер- деп Ақан мұғаліммен Жидехан інісі бірге келіпті. Таңдай үйірер қымыз біраз ішіліп жатыр.

-Ақан Семейден қашан келдің? Міне Шәмшіні көріп, танысып жатырсың,- бұл Ақан, Үшбиіктің ақан серісі- деп Тәуірбек ағасы қалжыңдай, «Маңмаңгеріңді»- бір әу- деп жібер — деді.

Бойды балқытар, тамырға сіңген балдай қымыз, әнді әсерлетіп, әуелете түскендей...

-Оу, бәрекелді, Ақа, сіз әрі тарихшысыз, Шәкеңе ақсақалдарды әңгімелей таныстыра отырсаңыз- деп Құсман Қонысбекович қолқа салып жатыр...

Әне-міне дегенше, буы бұрқыраған жас малдың қуырдағы да келіп қалды...

Бұл шынымен де әуелеген әндері, қазақ шекарасынан асып, өзінің биязы қалпымен әлем жұртына, ақ мақтадай таза қалпымен қалқып бара жатыр еді...

Ақ бұлттардай қалықтаған әуезді әндер...

Осы үйге - Ассалаумағалейкум- деп, Нұрлан немересі жетелеген Қанапия ақсақал да келді, Әбу ата, — Қанаш қайда?- деген соң, Ақан баласы осы «жолда деген», ол кісі барар жерге сақал-мұртын басып, жуынып, дәрет алмай бармаушы еді...

Ол кісі келгенде, достары- Тұрсынхан, Зарыхан,Әбу ата бәрі, — келші Қанаш, орта толсын- деп қуана қарсы алды, өздерінше мәз...

Шәкең де көзі көрмейтін ақсақалға тұрып ишарат берді...

Міне былқылдаған марқа, бағланның еті де келді, майы кілкіген жас сорпаның, қамыр жәймәсі былқыған, сондай дәмді Шәкеңнің көңілінен шықты,... «Қазақтың ұлы дастарханына бере ғой береке»- деп іштей күбірлеп отыр...

Біраз ас желініп болған соң үнсіздікті Қанаш ата бұзды, -Тұрсынхан, Әбе, Заха, әңгімелерімізді айта отырайық, менің Бияш ұлым, «Арайлым», «Ақмаңдайлым» әндерін айтқанда екі қыздың қайсысынәкеледі-деп ойлаушы едім, сөйтсем ол, Шәмшінің қыздары ма деп, бір сұрақ қоя, күлдіріп алды...

Кімді айтсаң сол келеді- деп, - Ассалаумағалейкум- деп Бияхмет, Алматыдағы Мәулім, Бақай үшеуі кіріп келді, Ақан ағасынан кілтін сұрап, мектептен мандалин алған Бияхмет, кешеден бері, Мәулім, Бақай үшеуі, Секен құрдасымен өздерінше жас кездерін еске алған...,

- Ғафу етіңіздер, Ақсақал, ағалар, Шәмші аға, осы әніңізді орындайықшы-деді де, құйқылжыта шырқай жөнелді, жұрт елжірей тұнып қалған...

—  Ал, ақсақалдар, Бата беріңіздер- деп, Құсман аға бата сұрады

Ас қайырылп, бәрі сыртқа шығып, қол жуып, ауыз шәйіліп, бәрі сол кездегі ауылдың футбол алаңына, жаяу тартты, келсе бәрі, сақадай-сай, темір жолдан команда капитаныКенжебек, совхоздан Тұрысбек, Кенжебекті «Қабылан» дейді, Тұрысбекті «Тарзан» дейді. Құсман аға, бәрін айтып:

-Шәке осы мачты бір тамашалап көріңіз- деді...

Ойын қызып жатыр, бір-бірін жеңе де алмай жатыр, енді міне, пенальти, доп тебу «Тарзанға» бұйырып еді, Құсман аға: — Шәмші аға бір пенальти тепсін- деп сұрады... Бәрі тосылып қалды, команда капитаны «Тарзан» сізден, бар жанкүйерден, екі жақтан- деп сұрады... Екі жаққа да риза болып отырған Шәкең де, — менде туфли ғой- деді, міне бутси, ал допты өзіңіз теуіп көріңізші- деді Тұрысбек... тыныштық...

-Әй, пісміллә- деп теуіп қалды, күтпегенде «девяткаға» дөп түсті... Ойын бітті, Шәкең- қайда «Қабылан» мен «Тарзан» — деп шақырып алып, екеуінің де тершіген маңдайынан искеді...

- Құсман, мені Тідеубайдың үйіне апар, Сарыағашта туыстары бар екен, Меруерт жеңгейдің шәйін ішіп, ертең амандақпен жолға тартайық, Рахмет- деді.

«Қақа» (Қайрат Ерденбеков)

Алматы, 23.01.2019 ж.


  • Поделиться

Похожие произведения