Дәстүрің армен бірге жүрген


Дәстүрің армен бірге жүрген

Ар-ұят, ынсап, ұждан дәстүр деген,

Ар-ынсапты қазақта ел билеген.

Ар-ұжданды жанға қожа меңгергенді,

Мәңгілік өмір нәрін суын ішкен.


Ұятты қазақ тегі армен білген,

Жанынан арын артық қадірлеген.

Ар-намыстан туады екі мінез,

Аруағын құдай қолы деп түсінген.


Бөріксіз ақыл айтты үлкен деген,

Хандықтың дәстүрінсіз ел билеген.

Шопан мен патшаның киімдері,

Ясауи бабаң бірдей болсын деген.


Дәстүрі қазақ игілікпен негізделген,

Жалғыздық бармақтай бақ іздеттірген.

Құдайға ұқсастықпен тақуа боп,

Мейрім, кешірім, рахыммен бірлендірген.


Жалаңаш өлең айтып дәстүр деген,

Ар-ұятсыз салтың бар көп меңгерген.

Ар сауытың болмаса, дәстүр тұрмас,

Әдет-ғұрып, салтың бұл ескілерден.


Ақ жаулық ұлт киесі діл өндірген,

Анадан төртеу туар жан бірлеген.

Атадан алты рұқтың жібін жалғап,

Дәстүрін қазақ Абай атаң түсіндірген.


Дәстүрлі дінің емес масһаб деген,

Орта топ дін салтымен жүйеленген.

«Өліге иман, тіріге берекесіз»,

Иман іздеп қалайша жүрекке енген?


Қол, аяқ, жалаңабас оқып жүрген,

Намазшы көп надандар ессіз деген.

Қазақтың бүгінгі таң дәстүрі жоқ,

Арсыздықты қосқансың білімменен.


Дәстүрі қазақ; жете сана ақылменен,

Жеті өріс бой жарығын түгелдеген.

Алланың өзін баурап тұрған бойды,

Кебенек ар сауытың зейнет берген.


Дін тазасын дәстүрімен түгелдеген,

Қызылбастан имансыздық діні келген.

Құран ұстап әулие-әмилер жеңіп шығып,

Қазақтың дәстүрі еді сеніменен.


Ел билік надан болды дін білмеген,

Дінге қарсы заң жазып жеңем деген.

Өздерін ақтауменен үкіметтер,

Халқынан күмәнданып тіркеп жүрген.


Жындарға соғыс ашты дінсіз жүрген,

Білімсіз жеңе алмасын ескермеген.

Құдайшылдық дәстүріңді ұстатырмай,

Нәубетке арандатты жынды өңшең!

(Қаңтар 2017 жыл)

*** ****



  • Поделиться

Похожие произведения