Темір күш


Темір күш

Біздін ауыл тыныш еді. Далада күннің көзі жарқырап, көктемнің аяғы келген кезі, жаздың келіп қалар уақыты. Ауызыңа шөптің шиін салып, көзін жұмып, қораның шатырына Темірлан күннің астында жылынып жатады. Көк аспандағы ақ бұлттарға қарап, шөп иісіне тамсанып, «Шіркін, бүкіл жер бетін аларап көрсем екен!» деп армандайды. Осы ауылда оның ата-анасы мен әжесі жерленген. Жалғыз қалған атасын енді жер тартып алмаса деп те ойланады. Бұл ауылдан атаны алып кетсем екен, жағдайды жақсартып, басқа өмірді елестетіп жатады. Өзі ірі тұқымды батыр бала болатын. Бойы десе — бойы бар, денесі десе — денесі бар, қасы қап-қара келген сымбатты жігіт.

Күнде Темірлан Бүркіт есімді досымен мектепке бірге барады, бірге бір жолмен қайтып келеді. Мектепте Темірланды шын атымен тек жақын досы ғана атады, басқалары оның сыртқы келбетін батырға сәйкестендіріп, Алпамыс деген ат қойған.

Бір күні сабақтан соң, бәрі мектептен шығады.

— Алпамыс! Алпамыс! Алпамыс! — деп Темірланды төменгі сыныптарда оқитын балалар маза бермей мазақтайды.

— Әй, сен! — деп бір баланы ұстап, басынан саусағыменен бір шертеді. Ол бала болса, жылап жүгіріп кетеді де, бір топ жоғары сынып оқушыларын ертіп әкеледі. Бәрі Темірланға жабыла бастайды. Темірлан саспай, сөмкесін қасында өсіп тұрған ағаштардың арасына лақтыра, жеңін түріп, дайын тұра қалады. Досы Бүркіт сөмкесін көтеріп алады. Жабылған балалармен, бірінен соң бірін құлатып тастайды бір бірінін үстіне.

— Мә, саған...! — деп бұл көрініске қарап тұрған балалар, — Алпамыс деп оны бекер атаған жоқпыз! — деп күліп, қаша жөнеледі.

Бүркіт болса, басын биік ұстап: — Сол керек сендерге, ал кім тағы шығады? — деп мақтанып, күліп айқайлайды, балалар болса кашады.

— Темірлааан!.. — деп атасының даусы шықты, — Түс төбеден! Бір күні қиратасың! Ойыңмен тағы да аспанда ұшып жүрсің бе?

Темірлан шатырдың шетімен жүріп, жерге секіріп түседі. Атасының қасына отырады.

— Балам-ау, — дейді атасы, — Адамды адам қылатын — еңбек! Еңбектің арқасында ғана адам аспанға ұшады. Ал елес ол жай ғана. Біз қазақ халықпыз, батырларымыздың күшімен, тіпті жер бетінің тас-талқанын шығара аламыз.

Атасы баласы мен қызы қайтқан соң немересін оз қолына алып өзі тәрбиелейді. Кішкентай жасынан анасынан айырылған Темірлан, қатал өсіп, барлық мәселелерді сөзбен емес жұдырықпен шешетін. Бұны көрген атасы, немересін үнемі жарысқа қатыстыра отырды корші балаларменен.

— Әне! Бүркіт те келді. Ал, шығайық, бастаңдар...! — деп атасы , балалармен далаға шығады.

— Ойын ойнайық, ауылдағы балалардың бәрін жеңіп тастадым, — деп Темірлан оиын ойнаған дай сойлейды. Есік алдына, досы екеуі алыса бастайды.

— Ай аяғын ұста! Қолын жібер!

Көрші маңайдың адамдары да, балалары да бәрі қора алдына жиналады. Темірлан озінен де үлкен жас пен күреседі. Атасы болса кішкентай балага корсетемін деп кысайып калды.

— Белім, белім-ай! — деп атасы айғайлайды, ыңсылап орындыққа барып отырады.

Қасындағы бір топ балалар Темірланға қарап күледі.

— Балам-ау, сен неге шыдамсызсың, адамды неге бірден ұрып жібересің? Бір күні біреудің бір жерін сыңдырсаң, қамауға түсесін! Мен саған неше рет айтамын, өз-өзіңді ұстап жүр деп! Еее, Құдай-ай, ай, осылай жараттың ғой, ақыл бермей, күшті аямадың! — деп атасы немересіне ұрсады.

Солай бүкіл көшенің балалары жиналып, атаны қоршап, оның жас кезіндегі бастан кешкен оқиғаларын тыңдап отырады. Өзінің жас кезіндегі қандай мықты болғаны туралы әңгімелейді. Бірақ Темірлан бұл әңгімелерді атасынан ешқашан естімегендіктен, балаларды қызықтыру үшін ертегі сияқты ойдан шығарып тұр деп ойлайды. Темірланның әкесі о дүниеге өткеннен кейін бір жылдан соң анасы да қайтыс болады. Атасы да сол уақытта апасынан айырылып қалады. Олар тірі болған күндері Темірланды үлкен қалаға жіберер еді. Бірақ оның күндері, атасы біреумен күрестіріп, терін судай төккізеді, кішкентай кезінен күреске салады. Ауылдағы жағдай менен.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз де келіп жетті. Бұл күні бүкіл ауыл жиналады, тойлауға. Ұлттық ойындар ойнатылып, ат жарыстырыспен, күрес пен жалғастырады. Атаның Темірланмен дайындығын бүкіл ауыл біліп алған. Көп адамдар жиналып, ақша салады, тіпті көрші ауылдардан күресуге де келген. Ата ақшаны балаларға бөліп береді, бірақ жеңген балаларға көбірек берді.



  • Поделиться

Похожие произведения