Экс-шенеуніктің естелігі (1-бөлім)

Мен мемлекеттік қызметке 1995 жылы кіріп едім. Ал соңғы жұмысқа, яғни «аты жоқ» комитетке 2002 жылы ауыстым. Содан ең төменгі лауазымнан — жетекші маманнан басқарма басшысына дейін ешкімнің көмегінсіз, бір Алланың қолдауымен — өз күшіммен өстім-жеттім. Алла куә — әрқашан өз жұмысымды тиянақты, әділ атқаруға тырыстым, мені қазір де ешкім маман ретінде жаман деп айта алмайды. Сол 2002 жылддан қазірге дейін сенбі күндері дем алғаным шамалы, ылғи ең аз дегенде жарты күнге жұмысқа шығатынмын! Бірақ, сол күндер үшін бізге ешкім де жалақы төлемейтін! Тек соңғы кезде ғана есеп комитетінің, бас прокуратураның және мемлекеттік қызмет агенттігінің тексерулерінен қорыққаннан ғана кейбір мейрам күндерінде және басқа қажет кездерде сәйкесті бұйрық шығарып жатыр. Ал, 2000 жылдардың басында жақсы еді, өйткені, ол кезде Комитет төрағасы мен олардың орынбасарларлары бәрі де өз саласының жоғарыбілікті мамандары еді. Сол кезде мен жұмысқа, бір мейрамға барғандай барушы едім! Кейін уақыт өсе келе, олардың біразы зейнетке шықты, біразын қамауға алды, біразы «өз еркімен» кетуге мәжбүр болды. Содан кейін, осыны пайдаланып бізге төраға болып біздің салаға ешқандай қатысы жоқ «крутой крышалары бар мамансымақтар» келіп, өздері сияқты біздің салаға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын «мамандарды» орынбасарлар қылып қойды. Бұндай заңсыз әрекеттерге жол беріп отырған Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің іс-әрекетіне түсіне алмай қойдық... Оларға кейде элементарный нәрселерді «түсіндіре алмайсың». Сондай соңғы «төраға» өзінің РГП-дағы туысын өзінің орынбасары қылып алмақшы еді, болмады! Әлхамдулилләһ! Қазіргі «төрағасымақ» жұмыста жаман атмосфера орнатты! Яғни, қит естсе — боқтайды. Жұмысыңнан, бір кемшілік тапса, соны ұмытпайды, ылғи соны жұрттың алдында сені мұқатып-кекету, басу үшін пайдаланады. Бір жолы жиналыста отырғанда біреумен телефон арқылы сөйлесіп жатып: «Әй, сен оны шымкентше (яғни, шешесінен ...) боқта,» деп кеңес берді. Бұл бізге үлгі болар басшының (мемлекеттік қызметкердің!) сөзі ме еді?! Ылғи бір бітпейтін жиналыс және тех. совет! Оларға қатысың бар ма, жоқ па, бәрібір қатысуға мәжбүрсің! Қатыспасаң «артын» жыртып, тағы айғайға басады. Қысқаша айтқанда этикадан жұрдай! Кейде ойлаймын, осы мемлекеттк қызмет агенттігі ай қарап жүр ме деп ... Сөйлегенде қарамағындағыларға «Әй» деп сөйлейді. Кабинетінде текекі (шылым) шегеді. Темекі шегетін адамдар шыдайды, ал, апта сайын 1 немесе 3 сағат жиналыста келіп темекінің ащы түтінімен тыныстап отырған темекі шекпейтін адамдарға (әсіресе әйелдерге) өте қиын-ақ. Ал, мемлекеттік қызметкер офисте темекі шекпеуі керек ғой! Осы пожарниктер мен АХО ай қарап жүр ме?

Төраға «артына» қарамай, басқа мемлекеттік органдарының функциясын өзіне алмақшы (мысалы энергетика министрлігінің), ал, оны сәйкесті мамандардың жоқтығынан қалай атқаратынын ойламайды.

Төрағаның тағы бір «ерлігін» айтпасам, көңілім көншімейді: ол апта сайын басқарма басшыларын жинап, және республика бойынша аумақтық органдардың және РГП мен оның аумақтық филиалдарының басшыларымен селекторлық жиналыс өткізеді, сол уақытта біреуге ұрысса громкая связьді қосып қояды, бүкіл ел естісін деген ниетпен, ал, содан кейін оскорбление, унижение, боқтау, басқаша тіл тигізу, мұқатып-кекету басталады... Кейде ойлаймын, жағамды ұстаймын адамдар қалай шыдап жүр екен деп, осы деспотизм мен тиранияға?!

Басқа комиеттерді білмеймін, ал, бізде ылғи аврал болатын, яғни, президент әкімшілігінен, үкіметтен, министрліктен, басқа министрліктерден, бас прокуратурадан, мемлекеттік қызмет агенттігінен бір бітпейтін тапсырмалар және тура, нақты біздің салаға қатысы жоқ тапсырмалар легі таусылмайды. Сонымен қатар, заңды және жеке тұлғалардың арыздары да тоқтаусыз келіп жатады. Соның бәріне жауап беру қажет, одан басқа заң жасау және тікелей басқарманың құзіретіңе қатысты тапсырмалар мен жұмыстар бар. Тағы бір негативі, бұл тапсырмаларды орындауға өте қысқа мерзім белгіленеді. Содан соң нағыз жанеталас басталады... Егер уақытылы орындамасаң, премиядан ұтыласың, ал, басқармада сол жұмыстарды, тапсырмаларды қанша адам атқарып жатқаны,жалпы мамандарға деген тапшылық мәселесі ешкімді толғандырмайды(абсоютно никого не волнует!).

Біздің мемлекеттік қызметтің тағы бір «қасиеті», мысалы бір адам немесе ұйым Комитеттің аумақтық органына немесе сол органның қызметкеріне қатысты министрлікке немесе комитетке шағым жасаса, біз оны міндетті түрде сол аумақтық органға «жауап жобасын» дайындауға жібереміз.

Айтпақшы, комитеттің құрамында бір негативный РГП «...» бар(оның басшысы төрағаның адамы), ол жерде ылғи өте үлкен көлемдегі қаржы айналымда болады. Өйткені төраға барлық комитет арқылы ақша бөлінетін жұмыстарды соларға беруге тырысады, кейде осы комитет сол негативный РГП-ның филиалы ма деген ой келеді. Оны жалғыз біз емес басқалар да біледі екен, оған нақты көзіміз жетті. Мысалы, былтыр, министрдің қатысуымен болған жиында, министрдің кеңесшісі төрағаға «сіздің сөзіңізге қарағанда сіз комитет төрағасы емес, РГП-ның директоры сияқтысыз» деп, бір қағытып өтіп, оның сол нәшәр РГП-ны явнокрышевать ететінін бетіне басқан еді...

Соңғы кезде басқарма жұмысын, яғни 3 мемлекеттік қызметкердің жұмысын (бір себептермен) 3,5 ай бойы жалғыз өзіме атқаруға тура келді. Одан басқа 1 жылдай бір заң жобасын жасауды менің басқармама(ол басқа министрліктен берілген жаңа сала болғандықтан, бұл саланың маманы басқармада жоқ еді) артып қойды. Оны негізі біз емес заңгерлер жасауы керек еді, бірақ ол басқармасының мамандарының дәрменсіздігінен бәрін салалық мамандарға жүктейді. Бұл мәселе де қазір де сол қалпында, яғни, әлі де шешімін тапқан жоқ. Сол заң жобасымен негізінен мен айналыстым. Шынымды айтсам, әзер үлгеріп жүрдім. Басшылар және біздің саланың маманы емес, бірақ өзін маман санайтын курирующий вицик (вице-министр сымақ) мені қолдаудың орнына, қайта маған ұрысып, мұқатып-кекетумен болды. Сол кезде, осы вициктің кеңесшісі, бұрын бізде істеген, бірақ парақорлыққа байланысты жұмыстан шығарылған бір оңбаған «адам» болып еді. Онымен бұрыннан ара-қатынасымыз жараспай қойған, сондықтан ол аталмыш вицикті маған қарсы қайрап қойды. Ал, вицик (мәселенің дұрыс-бұрыстын анықтап алмай, тексермей)соның айтқанына имандай сенетін және айдағанына көнетін!?! Айтпақшы, төрағаның орынбасарына былтыр конкурс жариялағанда бір жоғарыбілікті, біздің салада 30 жылдан аса жұмыс өтілі бар мықты маманды, собеседованиядан төраға мен осы вицик болмайтын сұрақтар қойып, әдейі құлатқан, яғни, өткізбей қойған(Алланың көзі дұрыс болсын!Алладан қайтсын!), өйткені ол мықты маман ретінде төрағаның айтқанын көнбейтін, айдағанына жүрмейтін азамат және білікті маман.

Бірде сол вициктің айтақтауымен төраға маған наезд беріп жатқанда, осы наездің денімнің саулығына кері әсерін байқадым(яғни, денсаулығым сыр бере бастады ...), сосын қой, пока инфаркт немесе инсульт алмай тұрғанда мына жұмыстан кетейін деп бел будым. Сондай қиын, тығырыққа тірелген кездерде осыларды орысша айтқанда «на три буквы послать!» етіп жұмыстан шығып кеткім келді, бірақ, амалсыздан 16 жыл істеген өзім әбден машықтанған жұмысымды тастап кеткім келмеді. Бірақ, амал жоқ, басқа жұмыс орындарына резюмелерімді жіберіп қойдым. Және де сол кезде дайын тұрған жұмыс та жоқ еді. Сондықтан да жұмыстан шығып кетсем, қиын жағдайға душар болар едік, өйткені, жұбайым 1 жылға жуық жұмыссыз үйде отыр. Қазақта «жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады» деген тамаша мақал бар ғой. Осыған орай айтайын дегенім, басқа басқарманың басшысын төраға өзіне орынбасар қылып алды, ол бұрын басқарма басшысы болғанда жаман емес сияқты еді, бірақ, орынбасар болған соң шала бүлінді, бет пердесі ашылды, гонор («бос өр көкірек, бос өр кеуде») пайда болды, біздерге дауыс көтере бастады. Орыста бір жақсы мақал бар: «Если хочешь узнать человека, дай ему власть или деньги.», бұл соның кебін киді. Сонымен қатар, төрағадан үйренгені болар, офистің корридорында басқа әріптестер естісін, опонентті жұрттың алдында әдейі мұқатып-кекетіп, кемсіту (унижать!) деген ниетпен «наезд» беріп, өзінше «нравоучение, нотация» оқи бастады. Короче, показуха с наездом жасай бастады! Ол, ол ма, бұл комитетке келген түсініксіз барлық хаттарды маған орындауға жібере бастады! Бірнеше рет айтып едім, ашуланып, өзіме дауыс көтере бастады бұл боқмұрын (менен 10 жас кішілігі бар еді). Сол кезде жұмысқа каторгаға барғандай, әрең барушы едім. Әбден қажыдым, шаршадым! Бірақ, Алладан көмек сұрауымды тоқтатқан жоқпын! Өйткені, есіңде болсын, одан басқа маған да, саған да ешкім көмек бере алмайды! МашаАллаҺ бір күні, 1 ай бұрын резюмемді берген бір жұмыс онынан телефон қоңырауы келіп түсті, собеседованиеге келіңіз деп. Содан не керек, сөйлестім бастығымен, ол алатын болды. Енді жұмыстан кетейін десем, орынбасар мен тағы бір менің орныма үміткер нақұрыс, отработка жасау керек, бәрін маған официально тарпсырыңыз, бақылаудағы тапсырмалардың барлығын жабыңыз дейді. Кейбір тапсырмалардың орындалу мерзімдері 1 ай еді. Ал, мен 3-4 күннен кейін , яғни, дүйсенбі жаңа жұмысқа шықпасам, жұмыстан айырылып қалар едім, өйткені№ олар басқа адам алар еді. Сондықтан, жанталасып, 1-2 апта мерзіміндегі тапсырмаларды орындап, жаптым. Соның өзінде анау нақұрыс недовольный болып қалды... Іші күйсе — тұз жаласын! Жалпы, комитетте біраз адам кеткісі келеді, өйткені, мына нақұрыс басшылармен жұмыс істеу мүмкін болмай тұр ... Тағы бір себебі қазіргі таңда жұмыс табу қиын және кейбіреулер жұмыстан алған пәтерледерін жекешелендіріп үлгерген жоқ ...

Бірде інім, жаңа жұмыста жалақыны уақытылы бермеген кезде «сол өзің 16 жыл істеген мемлекеттік қызметтен кеткеніңе өкінбессің бе?» деген сұрақ қойды. Мен оған, «жоқ, өкінбеймін ни на йоту!», деп жауап бердім. Себебі, қазір, Аллаға мың да бір тәуба, шүкір, жұмысым жаман емес, рас жалақыдан аздап ұтылдым және оны кейде (өте сирек кездерде) уақытылы бермейді, бірақ, мемлекеттік қызметтің (олардың жалақысын 2019 жылдан бастап өсірсе де)барлық заң жобаларынан, шексіз контрольныйларынан, бітпейтін авралынан, постоянная нервотрепкасынан, бір сөзбен айтқанда барлық кері әсерінен (негативінен), жанталасынан құтылғанымабек қуаныштымын! ИншаАллаһ! Ұзағынан жазсын!

Яғни, жан тыныштығын (душевное спокойствие!) таптым! Бұл жерде де барлық тапсырманы тиянақты, уақытылы атқаруға барлық күш-жігерімді саламын! ИншаАллаһ! Жасың 50-ден асқан соң, жаңа коллективке үйренуіңе, сіңіп кетуіңе біраз уақыт қажет екен... Осыған орай, бір ғана өкінгенім, осы әділетсіз, , залым, неблагодарные, мамансымақ, жаманбасшылардың барлық маған айтқан және жасаған қиянаттары мен зұлымдықтарынан (Алладан қайтсын!)құтылу үшін мемлекеттік қызметтен ертерек шығып кетуім керек еді ... Бірақ, жақсылықтың ерте —кеші жоқ дейді ғой, атам қазақ... Әлхамдулилләһ! МашаАллаһ!

Бұрынғы (23 жылға жуық мемлекеттік қызметтегі өтілі бар) мемлекеттік қызметкер, 2018 жылдың маусымы. Астана.



  • Поделиться

Похожие произведения