Наурыз!


Наурыз келіп қайтадан,

Жаңа өмір сыйлаған,

Бүршік атып тал-терек,

Бәйшешек қырда құлпырған.

Ойдым-ойдым мұздар да,

Өзенде тасып «жарысқан».

Алыс-жақын ағайын,

Туысқаншыл көңілі сағынып

Жер аяғы кеңи сап,

Бір-біріне асыққан...,

Жан-жануар төл ертіп,

Жердің бетін көгертіп

Күн шуағын төгеді,

Еріксіз жүрек елжіреп

Әр-түрлі құстар сайрайды,

Жырға бөлеп маңайды.

Бір сәт компьютер ұмытып

Асыр-салып, құтырып,

Бала-шаға мәз-мейрам

Асықтарын ұттырып,

Ләңгі теуіп, доп қуып.

Томпиған беттері қызарып

Тал ағашқа мініп ап

Қозы-лақтай тайраңдап

Шулаған аула базардай.

Тіршілік түлеп тұрғандай.

Махаббат боп майда жел,

Кеудеңді құшып тұрғандай...

«Қақа» (Қайрат Ерденбеков) , Алматы, 24.0.3.2016 ж



  • Поделиться

Похожие произведения



Три важных слова

Гетьте, думи, ви хмари осінні! То ж тепера весна золота! Чи то так у жалю, в голосінні Проминуть…