-------


жаңбыр жауып жуып өтсе жер бетін

сұлу рең ажарына кірген бе

сенің дағы өзгерді ме келбетің

жылап тұрып шара жоқтан күлгенде

неғылайын айналайын алтыным

қатал дауыл қуып кетті бұлттарын

туған жерден алыс жаққа асырып

тарту етіп жіберді енді тұлпарын

қабыл алдым сәлеміңді кеш жаным

нәзіктіктен жылап тұрып күлгейсің

жұлдыз куә атқантаңға кеш жарық

арман қуып аман-есен жүргейсің

жылама деп айта алмайды тәңірім

жылағандар жылатпайды басқаны

күліп тұрып жылағанды байқадым

немқұрайды болудан тек қаш жаным



  • Поделиться

Похожие произведения