Кіру немесе тіркелу

Өмір!


Махаббат кернеп, бақытқа батқанда,

Батпанға тастап сынайтын өмір.

Қисынын таппай, қиналған сәтте,

Бөлшектеп әкеп жинайтын өмір.

Табысың тасып шаша басқанда,

Тақырға тақап қинайтын өмір.

Күркіреп күнің, мұң басқан сәтте,

Шуағын және сыйлайтын өмір.

Жасырын келіп жастық шығыңды

Ұқтырмай ғана ұрлайтын өмір,

Қағаздай таза бала жаныңды

Бұлыңғыр кезде бұрмайтын өмір!

Түскенде еңсең, түңілген кезде,

Үміттің ұшын шығарған өмір.

Қисыны келмей, қиқымдалғанда,

Жамауы жетіп құралған өмір!

Ағысы күшті ағыл да тегіл,

Әлемге мынау сыймайтын өмір!

Қамыққан кезде құтылғың келген,

Бақытты кезде қимайтын өмір!

Уақытша келіп, уақытша кетер,

Жолаушы жолы бұралған өмір!

Таусылып тағат тоқтаса дағы,

О дүниеде де сұралған өмір!



  • Бөлісу

Тәріздес шығармалар


Али Бабаев 16 Маусым 2020 16:36

Өмір деген қызық қой, қызық жерін сызып қой