Кіру немесе тіркелу

Қылмыстық іс N1: Жоғалған моншақ


Зəулім үйде бриллиант моншақ ұрланбай, қайтсін? Бұл бай кемпірдің айтуынша — ұрланды. Ал шын мəнінде мүлде басқа оқиға орын алуы мүмкін.

Байларды ұнатпаймын. Затты сатып алғанды жақсы көреді. Дүниені жинайды. Полицейлердің арасында менің осы сөздерім анекдот болып кетіпті. Мамандығымды ауыстырмаймын, рахмет.

Кемпірдің жатын бөлмесі көбінесе жабық. Терезелер өте жиі ашылады, өйткені, үйдің қожайынының айтуы бойынша:
--- Күн сəулесінің түсуі, беттерімізге қаралық пен нашар энергия береді.

Алжыған сірə. Əрі қарай жалғастырайын... гувернант қыз өзін бүртүрлі ұстады. Көзінен қорқыныш, жест пен мимикаларынан немқұрайлылық байқалды. Бас аспазшы жəне көмекшілерінен күдік жоқ, тəк, үй күтушісі өз бөлмемде болдым дейді, тек кемпірдің айқайынан шығып, жанына барды екен. Ол уақытта балалары мен немерелері үйде болған жоқ дейді блокнотым. Аулада жан-жануардан — ит байлаулы, тауықтар қорада.

Кемпірдің бөлмесін түпкір-түпкіріне шейін зерттеп, əйел аяқ киімінің өкшесінің іздері, бірнеше еркектің жағымсыз иісі, жұлынып алынған тартпалы аласа шкафтың ручкасын таптым. Адамды өз еркісінен тыс сүйреген тəрізді...

Үйдегі адамдармен көп сөйлестім. Гувернант қызбен əсіресе. Ұзақ. Шындықты жасырып тұр. Бірақ мен білемін шындықты. Бытшытын шығарып айтатын сəт келді.

— Терезеден секірген менің апам емес па?
— О, есуас əйел.

Үшінші қабатқа қалай жеткенім есімде емес. Терезенің сынығы, тірі жан жоқ. Өмірім-ай. Тағы жұмыс табылды. Артымда толып тұрған жанұяның мүшелері желкеме демалып тұр.

— Кідіріңіздер, қылмыс болған жерді аттап баспаңыздар, мен айтпағанша!

Тоқта!

— Балақай... нақ сенің апаң терезеден секіргенін қайдан білесің?

— Қармақ мырза...

Дауыс, арғы əлемнен, дірілмен сөйлеп тұрған кемпірдің бірінші ұлы еді.

— Қолдарыңызды көтеріңіздер. Неткен жауыздық...

— Қармақ мырза біздің əжеміз өз-өзіне қол жұмсайды деп ойламадық...
— Қашанға дейін өтірігіміз созыла береді, алтын да қастерлі жанұям? М?!

Не себеп болғанын түсіндіріп беретін адам шықты-ау! Абай болу керек.

— Қармақ мырза. Тұтқынға алыңыз бізді. Қылмыскерміз. Кішкентай бүлдіршіндердің, əрине, қатысы жоқ, жəй тек мына əпкемнің «аузынан шығып» кеткені болмаса... Ақша аздықтан. Ақырын біз банкрот болып жатқанбыз, ал əжей моншағын сатқысы келмеген. Əкеміздің банкі бонкрот болды. Бізге... айта кетейін, əкеміздің де қатысы жоқ. Бізге... жоспар құруға тура келді. Өлімнің болатын 80% линиясы болды.

— Гувернант қыз зиян шекті. Неге?
— Оны қалай...
— Сұраққа жауап бер, адасқан неме.
— Ашық, тым ақылдылығы үшін.
— Қазір-ақ оқпен соттайтын едім барлықтарыңды. Бірақ, мен емес соттайтын сендерді. Мен емес.

Ай толық шыққаны қандай жағады.

Қылмескер ұмытады, иə, сот бар екенін. Одан əрі өлгеннен кейін жоғарғы сот бар екенін. Мен жасырмаймын, оқпен шешетін кездерім болған. Бірақ ойлана келе, оны да, дұрыс емес деп шешеді екенсің.


  • Бөлісу

Тәріздес шығармалар



Оу, асыл пайғамбарлар!

"Қарыны тоқтық, қайғысы жоқтық, - азғырар адам баласын" (Абай ата)